Бұрын ғашық болған жанға
Оқжетпестің ұшар шыңына шығып, Бурабай төңірегін тамашалап тұрған сәтте, бір топ көтерілген жігіттердің арасынан көзім бірден саған түсіп еді. Сөйлесе келе өзіңнің сүйкімді ғана емес, ақылды жігіт екендігінді де таныттың. Сол тасты таудан да түсуге көмектесіп, бірден сөйлесіп кеттік.Мені қасындағы достарың неткен батыл деп еді, өйткені арасында тауға шығуға қорқақтағандары болыпты. Көрікті өлкенің аясында, Бура аталған мекеннің бауырында кездесу, өз бояуын салып, романтикалық көрісуге қанық түс берді. Сол күнді бірге өткізіп, сендер мені құрбыларыммен теміржол бекетіне дейін шығарып салдыңдар. Одан кейін күнделікті телефонмен сөйлесіп, бірнеше сағат тілдесетіңбіз. Өзің басқа қаладан болғандықтан, бір-бірің ұнатқан жандардың ары қарай не болатындығы мені жиі мазалайтын. Араға уақыт салып, екеуміз тағы кездестік, екеуміз жай ғана ұнатып емес, ғашық бола бастағанымызды сездік. Тіпті болашаққа бір жоспар құрғандай, арманмен алысқа қарап, жүзімізді нұрға толтырып едік.
Алайда, ғашықтық сезім махаббатқа ұласа алмады. Өзіңнің әрекеттеріңмен кері көзқарас тудырып, мен өзіңнен алыстап кеттім. Тіпті одан кейін есіме де алмайтынмын. Тіпті бірнеше ай өткеннен кейін сенің өкініш білдіріп соққан қоңырауын да ештене өзгертпеді.Мен сені тек Көкшенің көрікті мекенің көріскен кездейсоқ жан деп қабылдаймын...